Таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Сурет: olympic.kz
Есбол Сұлтанов таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маман бұған дейін біздің құраманың бапкерлер штабында жұмыс істеген. Әр жылдары ол кадеттер, жастар және ересектер командаларында көмекші ретінде қызмет атқарған.

2023 жылы Есбол Сұлтанов Тунис құрамасының бас бапкері болып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның ішінде Париждегі Олимпиадада алтын және қола медальдар, Африка чемпионаты мен Африка ойындарының, сондай-ақ халықаралық турнирлерден көптеген марапат бар.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік таеквондо федерациясы (World Taekwondo) Есбол Сұлтановты "Жылдың ең үздік бапкері" деп атады.

Маманның бапкерлік тәжірибесі 15 жылдан асады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз