Бокстан Әлем кубогы-2025-тің бір кезеңі Қазақстанда өтеді

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
22 қаңтарда World Boxing халықаралық қауымдастығы 2025 жылға арналған жарыстардың күнтізбесін жариялады, онда қазақстандық тарап бокстан әлем кубогы кезеңдерінің бірінің ұйымдастырушысы ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің ақпаратынша, алдағы Әлем Кубогы бірнеше кезеңнен тұрады. Соның ішінде, екінші кезеңді 30 маусым мен 7 шілде аралығында елімізде өткізу сеніп тапсырылды.

Бұл жарыстар 2025 жылы үш кезеңге бөлінбек, ал финалдық бәсеке Үндістанда 15-22 қарашаға жоспарланған.

Сондай-ақ, Ұлыбританияда 4-14 қыркүйек аралығында өтетін әуесқойлар арасындағы 2025 жылғы әлем біріншілігінің орны белгілі болды.

2025 жылғы Әлем Кубогының бірінші кезеңі Бразилияда 30 наурыздан 7 сәуірге дейін өтеді.

Бұған дейін Биволдың Бетербиевпен өтетін жекпе-жекке дайындығын көрсеткендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

15 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады