Теннисші Александр Шевченко Бразилиядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы кезеңінде Шевченко әлемдік рейтингте 149-орында тұрған бразилиялық Фелипе Мелигени-Альвесті 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 10 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.

Турнирдің ширек финалына шығу үшін ол Александр Зверев (Германия) – Бу Юнчаокете (Қытай) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы