Қайым Айбар семсерлесуден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Кувейтте семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Азия чемпионаты басталды. Алғашқы күннен-ақ қазақстандық спортшы Қайым Айбар кадеттер арасындағы саблямен семсерлесуден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Жартылай финалда ол оңтүстіккореялық спортшы Ли Санға жол берді. Осылайша Қайым Айбар қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының аталмыш турнирдегі алғашқы медалі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады