Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында үш медальға қол жеткізді

Сурет: olympic.kz
Кувейт қаласында семсерлесуден жасөспірімдер және кадеттер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы командалық сайыста үш медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы саблямен семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама атынан Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Сұлтан Асылбеков өнер көрсетті.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден қола жүлдені еншіледі. Ел намысын София Актаева, Алина Искандерова, Полина Долгополова және Алена Гноева қорғады.

Сондай-ақ тағы бір қола медальді қазақстандық шпагашылар иеленді. Георгий Тинников, Богдан Лукин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек