Қазақстандық жеті боксшы "Странджа" кубогының финалына шықты

Сурет: olympic.kz
Болгарияның София қаласында кіші әлем чемпионаты аталып кеткен "Странджа" кубогы жалғасып жатыр. Қазақстан әйелдер құрамасынан бірнеше отандасымыз ақтық сынға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша финалға өткен қазақстандық спортшылар: Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Жібек Жарасқызы (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары), Дина Исламбекова (81 келіден жоғары).

Ал финалға өте алмаған сегіз боксшы жарысты қола жүлдемен аяқтады. Қола медальға ие болған спортшылар: Элянур Турганова (50 келі), Жансая Рахымберді (52 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Лаура Есенкелді (63 келі), Гаухар Шайбекова (66 келі), Азиза Исина (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі).

Айта кетейік, әйелдер арасындағы финалдық бәсекелер 2 наурыз күні өтеді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз