Қазақстанның екі командасы шорт-тректен әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Сурет: olympic.kz
Шорт-тректен Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер эстафетасында қазақстандық спортшылар Польша құрамасының құлауы мен Италия командасының жарыстан шеттетілгеніне байланысты ширек финалды бірінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ, жартылай финалға ерлер құрамасы да өтті. Өзінің жарыс жолында Қазақстан құрамасы Канададан кейін екінші орын алды.

Аралас эстафета сайысында қазақстандық шорт-трекшілер жарыстан шеттетілді.

Айта кетейік, бұған дейін 1500 метр қашықтықтағы жарыстың жартылай финалына Әділ Ғалиахметов пен Ольга Тихонова шыққан болатын.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз