Майамидегі беделді турнирде Бублик сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымға өтті

Сурет: Instagram/bublik
Қазақстандық теннисші Александр Бублик 19 наурызда Майамидегі ATP Masters 1000 сериясындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп, бірінші айналымда аргентиналық Себастьян Баесті жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу Бубликтің екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6: 3, 6:4.

Матч 1 сағат 10 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик сегіз эйсті орындап, үш қос қателікке жол берді, алты брейк-пойнттың үшеуін  іске асырды. Оның қарсыласы бір де бір эйс жасай алмады, бір қос қателік жіберді және үш брейк-пойнттың біреуін жүзеге асыра алды.

Майамидегі "Мастерс" турнирі 2025 жылдың 18-30 наурызы аралығында өтеді. Екінші айналымда Бублик америкалық Томми Полмен кездеседі.

Бұған дейін Майамиде (АҚШ) WTA-1000 турнирі басталғаны хабарланған болатын. Жекелей сындағы бірінші айналымның матчтары өтті, оның қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның қарсыластары анықталды.

АҚШ
Бублик Александр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі