Шавкат Рахмоновтың UFC-ге қашан оралатыны белгілі болды

Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
Шавкат Рахмонов жаттығатын DAR Pro Team бас жаттықтырушысы Эдуард Базров әлі күнге жеңіліс таппаған қазақстандық UFC спортшысының денсаулық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рахмонов (19-0) соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Ол Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде ирландиялық Ян Гарримен (15-1) кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

"Шавкат жаттығу үстінде. Әзірге денсаулықтағы кейбір олқылықтардың орнын толтырудамыз. Штаттық режимде жаттығудамыз. Мамандар толыққанды жаттығуға рұқсат берген кезде, толығымен іске кірісеміз. Осы айда қалай болатынын нақты айта алмаймын, алайда Алла қаласа күзде жүз пайыз дайын боламыз",- деді Базров Legalbet.kz тілшісіне.

Бастапқыда қазақстандық жартылай орта салмақтағы промоушн чемпионы Белал Мұхаммедпен (24-3) жекпе-жек өткізуі керек еді, алайда американдық аяқтағы саусағының инфекциясына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

2025 жылдың ақпанында Рахмонов жарақатына байланысты 2025 жылдың мамырында Мұхаммедпен өтетін жекпе-жектен бас тартты.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының "Канелоны" шаршы алаңға шақырғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті