Юлия Путинцева Австралиядағы турнирде қарсыласын ойсырата жеңді

Сурет: ktf.kz
Австралияның Брисбен қаласында командалық әлем чемпионатының "D" тобының іріктеу матчтары басталды. Ойын күнін Австралия мен Қазақстан командалары ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрик Рафтер атындағы орталық аренаға бірінші болып Юлия Путинцева (23 WTA) Майя Джойнтқа (78 WTA) қарсы шықты. Қазақстандық бір сағат ішінде қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Алаңда келесі болып Елена Рыбакина (10 WTA) мен Кимберли Бирелл (61 WTA) өнер көрсетеді.

Сурет: ktf.kz

Бұған дейін спорттық гимнастикадан Хорватияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтардың анықталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты