Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілді

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
23 сәуірде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясында Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді. Сондай-ақ жиын барысында ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер талқыланып, жаңа мүшелер қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.

Геннадий Головкин Бас ассамблея қатысушыларына алғыс білдіріп, ортақ жобаларды жүзеге асыру жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Бірқатар спорт ұйымдары басшылығындағы өзгерістер мен кадрлық ауыс-түйістерге байланысты Атқарушы комитетінің құрамын қайта қарап, жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұл қадам комитеттің тиімділігі мен белсенділігін арттыру мақсатында жасалды.

Бас ассамблея қорытындысы бойынша Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы төмендегідей:

Вице-президенттер:

Серік Жарасбаев – өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;

Спортшылар комиссиясының өкілі:

Ольга Рыпакова – Жеңіл атлетика федерациясының президенті.

Ұлттық федерациялар өкілдері:

Сондай-ақ Бас ассамблея барысында Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының ҰОК құрамына мүшелікке қабылдануы мақұлданды.

"2024 жылдың қыркүйегінде аталмыш ұйым дербес ұлттық федерация мәртебесін алу туралы ресми өтініш жолдаған болатын. Бұған дейін мәнерлеп сырғанау Қазақстан конькимен жүгірушілер одағының құрамында дамыған. 2023 жылдың қарашасында Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағын дербес федерация ретінде мойындады. Сонымен қатар Қазақстан ҰОК құрамынан белсенді қызметтің болмауына байланысты шана спорты федерациясы шығарылды", делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Бас ассамблеяға қатысушылар ұйымның жұмыс барысын жетілдіруге Жарғы өзгерістерін қарап, бекітті.

Теннистен Денис Евсеев Италиядағы турнирдің бірінші кезеңінде жеңіліп қалғаны белгілі болды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды