Денис Евсеев Италиядағы турнирдің бірінші кезеңінде жеңілді

Денис Евсеев Италиядағы турнирдің бірінші кезеңінде жеңілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 22:26 Сурет: Андрей Ударцев
Римде (Италия) ATP Challenger санатындағы (топырақ төсеніші) турнир басталды. Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жекелей сында алғашқы айналымда ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 жастағы Евсеев аустриялық Сандро Коппенге 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Евсеев бір рет эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Тимофей Скатов осы турнирдің екінші айналымына өткенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: