Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты: он екі қазақ қызы чемпион атанды

Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Коломбо (Шри-Ланка) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңінде 12 мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, біздің спортшыларымыз чемпионаттың барлық салмақ дәрежелерінде финалға шықты. Қазақстандықтар әр салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Құрлықтық турнирде бірінші орындарды Айым Танкибаева (48 келіге дейін), Сила Биболсынқызы (50 келіге дейін), Рахмина Абдумежитова (52 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Толғанай Қасымхан (60 келіге дейін), Алина Құдайгенова (63 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (66 келіге дейін), Мария Сидоренко (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (81 келіге дейін), Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары) иеленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды