Бес рет финалға шыққан каратэші Софья екі дүркін Азия чемпионы атанды

Сурет: Instagram/Қазақстан каратэ федерациясы
Ташкентте каратэден өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында қазақстандық спортшы Софья Берульцева жапониялық Сугита Сумирені сан соқтырып, бас жүлдені жұлып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Софья Берульцева Азия чемпионатының финалына осымен бесінші мәрте шықты. Бұған дейінгі шешуші төрт кездесудің тек біреуінде ғана ол жеңіске жеткен еді. 

Айта кетсек, шымкенттік Софья - Токио Олимпиадасында қола жүлдегері, сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Осылайша, Азия чемпионатында жекелей сайыста қазақстандық каратэшілер 4 алтын, 4 қола медаль еншіледі. 

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді