Елдана Тәліпова бокстан елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайды

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық Елдана Тәліпова бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы турнирді бірден жартылай финалдан бастады.

Тәліпованың алғашқы қарсыласы Өзбекстан өкілі Олтиной Сотимбоева болды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Елдана Тәліпова жеңіске жетті.

Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып Әлем кубогының финалына шықты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды