Ұлттық құрама капитаны жартылай финалда әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегерін жеңді

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының 1/2 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың финалына шығу үшін әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Махаммад Абдуллаевқа қарсы айқасты.

Айбек Оралбай үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) 6 шілдеде Әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін) финалға шыққан болатын.

Ал, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Айдана Забынбекова (57 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады