Сегізінші алтын: ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай финалда жеңіске жетті

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ақтық сынында Германия өкілі Никита Путиловпен өзара мықтыны анықтады.

Айбек Оралбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңінде 8 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды.

Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) чемпион атанса, Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) күміс медаль еншіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады