Спорттық құзға өрмелеуден Францияда өткен Әлем кубогы кезеңі: отандық спортшы күміс медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы жылдамдық бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан сегіз спортшы сынға түсті.

Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықты.

Ришат финалға дейін жетіп, АҚШ спортшысы Самуэль Уотсонға жол берді. Осылайша күміс медальға ие болды. Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Зак Хаммерге бұйырды.

Ал Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде екінші орынды иеленді. Дегенмен жарыстың негізгі бөлімінде ширек финалға дейін жетіп, испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберді.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңіне 31 елден 312 спортшы қатысуда.

Бұған дейін Месси MLS тарихында қатарынан бес ойында дубль жасаған алғашқы футболшы атанғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз