Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында ел қоржынына тағы жеті медаль салды

Сурет: United world wrestling
Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркін күрестен жалғыз алтын медальді 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек жеңіп алды.

Ал Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Камиль Куруглиев (97 келіге дейін) күміс еншілесе, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Алан Оралбек (61 келіге дейін) үшінші нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар әйелдер күресінен Анна Стратан (57 келіге дейін) және Мейрамгүл Мақсот (72 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің балуандары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін