Үстел теннисі: қазақстандықтар 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды

Сурет: olympic.kz
Алматыдағы ADD Ustel Tennis Ortalygy спорт кешенінде 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер және әйелдер командасы бір ғана жолдаманы сарапқа салды. Бұл жолдаманы Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары өзара бөлісті.

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов қарсыластарын 3:0 есебімен сенімді түрде ұтып, бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионатына жолдама алды.

Ал әйелдер арасындағы сайыста Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова және Әнел Бақыт алдымен Қырғызстанның теннисшілерінен басым түсіп, кейін Өзбекстан құрамасымен кездесті. Отандастарымыз тартысқа толы кездесуде 3:2 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, командалық әлем чемпионаты 2026 жылғы мамырда Лондонда өтеді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы