Александр Шевченко Швейцариядағы беделді турнирді жеңіспен бастады

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз алғашқы айналымда швейцариялық Стэн Вавринкамен өзара бақ сынасты.

Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.

Александр Шевченко 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланып, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Шевченко осы турнирде ширек финалға шығу үшін отандасымыз Александр Бубликпен кездесетін болады.

Бұған дейін Ыстықкөлде шымкенттік боксшының суға батып кетуіне байланысты Бақыт Сәрсекбаев мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды