Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы америкалық “Мастерстің” негізгі сеткасында алғашқы айналымда ойнамайды. Ал одан кейінгі қарсыласы – отандасы Юлия Путинцева болуы мүмкін. Бұл үшін Путинцева бірінші айналымда әлемнің 68-ракеткасы, мексикалық Рената Сарасуаны ұтуы керек.
Дегенмен, кейінгі уақытта Қазақстанның екінші ракеткасының нәтижесі көңіл қуантарлық емес. Сол себепті Елена мексикалық спортшымен де кездесуі ғажап емес.
Цинциннатидегі турнир әзірше қарқын алып жатыр, қазір іріктеу кезеңінің ойындары өтуде.
Еске салайық, бұған дейін 24 жастағы қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияда өтіп жатқан топырақ төсенішіндегі Bonn Open-2025 турнирінің жекелей сынсында екі айналымнан сәтті өтіп, ширек финалға жолдама алғанын жазған едік.