Скатов Германиядағы Челленджер турнирінің 1/4 финалына өтті

Скатов Германиядағы Челленджер турнирінің 1/4 финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 23:30 Сурет: ktf.kz
24 жастағы қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияда өтіп жатқан топырақ төсенішіндегі Bonn Open-2025 турнирінің жекелей сынсында екі айналымнан сәтті өтіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейінгі уақытта Қазақстан құрамасының мүшесі рейтингтік көрсеткіштерінде айтарлықтай төмендеп, қазір ATP тізімінде төртінші жүздіктің басында тұр. Кейінгі екі жеңіс Петропавл тумасының мансабына оң серпін беруге тиіс.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Скатов отандасы Дмитрий Попконы (ATP №221) 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Ал 6 тамызда Тимофей бельгиялық Филип Кристиан Жианды 7:6, 6:1 есебімен жеңді.

Егер ширек финалда болгариялық Янаки Милевті қапы қалдырса, қазақстандық теннисші Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: