Цинциннати турнирі: Рыбакина жартылай финалда Швентектен жеңіліп қалды

Сурет: WTA
АҚШ-тың Цинциннати қаласында WTA-1000 санатындағы хардтағы турнирдің жартылай финалдық матчы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде үшінші орында тұрған польшалық Ига Швентекпен кездесті.

Қазақстандық теннисші екі сет қорытындысы бойынша алты мәрте "Үлкен дулыға" турнирінің жекелей сын чемпионы атанған Ига Швентекке 5:7, 3:6 есебімен есе жіберді.

Рыбакина матч кезінде 10 рет эйс жасап, бір қос қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды. Ал қарсыласы Швентек 7 эйс жасап, үш рет допты ойынға қоса алмады. Ол 8 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Ига Швентек финалда италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирдің финалында жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартқанын жазған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз