Нысана көздеу: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында рекорд тіркеді

Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 26 тамызда Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында кезекті рекорд жаңарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында 10 метрден аралас ырғақта жылжымалы нысана көздеуден Қазақстан-1 жасөспірімдер командасы топ жарды. Рамазан Хусаинов, Шахзод Ирназаров пен Валат Мусаев үштігі 1065 ұпай жинады. Бұл - жасөспірімдер арасындағы жаңа Азия рекорды. 

Мұнда күміс Қазақстан-2 командасына, қола Өзбекстанға бұйырды. Айта кетейік, кеше Хусаинов, Ирназаров, Мусаевтан жасақталған команда жылдам ырғақтағы сайыста алтыннан алқа таққан.

"Бұл - мен үшін ғана емес, командадағы бәріміз үшін алғашқы Азия чемпионаты. Жарыс басталған күні қобалжыдық. Бапкерлер бізге үнемі кеңес беріп, қолдады. Бағана рекорд тіркегенімізді солардан естідік. Әлі де қуанып тұрмыз. Бұл біздің осы спорттағы әзірге ең ірі көрсеткішіміз", - деді Рамазан Хусаинов марапаттаудан кейінгі сұхбатында. 

Ересектер арасында осы сайыста Қазақстан-1 құрамасы жеңімпаз атанды. Команда сапында Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков пен Даниил Яковенко бақ сынады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында өтіп жатқан сары құрлық бәсекесінде бүгінге дейін ересектер, жасөспірімдер санатында 10-нан астам әлем және Азия рекорды жаңарды. Жарыс 30 тамызда аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды