УЕФА баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа ресми доптар тек ерлер командалары үшін емес, әйелдер Чемпиондар лигасында да қолданылады.
Мамандардың айтуынша, бұл былғары доптардың дизайны түнгі аспаннан, ғарыштан және солтүстік шұғыласынан шабыт алған.
Ерлер Чемпиондар лигасы үшін дайындалған доп көк және алтын түсті элементтермен безендірілсе, әйелдер додасына арналған нұсқасы жасыл және күлгін реңктерде жасалған.
Екі үлгі де Чемпиондар лигасының жұлдыздарына құрмет ретінде әзірленген. Себебі 2026 жылы ерлер турнирінің финалы Венгрия астанасы Будапештте, ал әйелдер финалы Норвегияның Осло қаласында өтеді.
Айта кетейік, жуырда "Қайрат" тарихта алғаш рет Еуропаның ең беделді клубтық турнирінің жалпы кезеңіне жолдама алды.