Бокстан ӘЧ-2025: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, жүлдеге ілінді

Сурет: ҚР ҰОК
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапында өнер көрсететін Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Былғары қолғап шебері 70 келіге дейінгі салмақта кем дегенде қола медаль иегері атанбақ.

Отандасымыз ширек финалда франциялық Макан Траорені айқын басымдықпен жеңді. 

Осылайша, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанып үлгерді. 

Бұған дейін Назым Қызайбайдың Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алғанын жазғанбыз. Сондай-ақ Алуа Балқыбекова да келесі кезеңге өткені хабарланған. Виктория Графеева да Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті. Ал ерлер арасында Махмұд Сабырхан косовалық қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Қазақстан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды