Бокстан ӘЧ-2025: Махмұд Сабырхан косовалық қарсыласын нокаутқа түсірді
Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Косово елінің өкілі Башким Байокумен өзара мықтыны анықтады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Махмұд алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреп, нокаутқа жіберді. Осылайша мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.
Бұған дейін Алуа Балқыбекова да келесі кезеңге өткені хабарланған. Сондай-ақ, бүгін Виктория Графеева да Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript