Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан да жартылай финалға өтті

Махмұд Сабырхан, бокс, 2025 жылғы әлем чемпионаты, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 20:05 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, әзірге отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Махмұд Сабырхан ширек финалда жапониялық Руй Ямагучимен қолғап түйістірді. Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша ол қарсыласын айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) алда финалға шығу үшін бақ сынайды.

Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, жүлдеге ілінгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: