Суперкомпьютер УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа маусымында кім жеңімпаз болуы мүмкін екенін жариялады

Сурет: Instagram/liverpoolfc
16 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезең матчтары басталады. Осыған орай, еурокубок турнирінде жеңіске жетуге ықпалды үміткерлер тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Opta суперкомпьютерінің нұсқасы бойынша, осы маусымдағы басты фаворит – Англиялық "Ливерпуль". Арне Слот баптайтын команда ең жоғары – 20,4%-дық дауысты иеленген.

"Қызылдардан" кейінгі орындарда "Арсенал" (16%) мен ПСЖ (12,1%) тұр. Одан кейінгі титулға үміткерлер тізімінде: "Манчестер Сити" (8,4%), "Барселона" (8,4%), "Челси" (7%), "Реал Мадрид" (5,8%), "Бавария" (4,3%), "Интер" (3%) және "Ньюкасл" (3%).

Өкінішке қарай, суперкомпьютер биылғы Чемпиондар лигасының дебютанты — қазақстандық "Қайраттың" әлеуетіне сенбейді және алматылық команданы тіпті ең аз мүмкіндік бар клубтар қатарына да қоспаған.

Айта кетейік, Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда 19 қыркүйекке қараған түні басты еурокубоктың жалпы кезеңін Лиссабонның "Спортингіне" қарсы матчпен бастайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді