Дастан Сәтпаев "Қайратқа" "Ақтөбеге" қарсы ойында жеңіс сыйлады

Сурет: instagram/f.c.kairat
14 қыркүйекте Алматыда Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы орталық матч өтті. Онда "Қайрат" Дастан Сәтпаевтың голының арқасында "Ақтөбені" 1:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кездесу чемпиондыққа таласып келе жатқан қос қарсылас үшін аса маңызды болды.

Алайда ойын сәтсіз жайтпен басталды. 10-минутта "Қайраттың" негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды.

УЕФА Чемпиондар лигасында "Селтикке" қарсы өткен тарихи ойында жарқыраған қақпашы "Ақтөбе" ойыншысымен қақтығыстан кейін есінен танып қалды. Дәрігерлерге жедел көмек көрсетуге тура келді.

Оның орнына алаңға 18 жастағы қосалқы қақпашы Шерхан Мұртаза шықты.

Ойынның өзі 35-минуттан кейін жандана бастады. Сол тұста алматылық клуб қонақтардың қақпасына жиі қауіп төндірді.

Бір сәтте "Қайраттың" ойыншысы Жоржиньо соққысымен қарсыластың қақпа маңдайшасын шайқалтты.

Араға көп салмай, Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері өз дегеніне жетті. Екінші таймның басында "Қайраттың" басты сұрмергені Дастан Сәтпаев дәл соққымен "Ақтөбе" қақпасын дәл көздеп, командасына жеңіс сыйлады.

Батыс қазақстандық клубты ұтқан ел чемпионы 49 ұпай жинап, КПЛ-2025 турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз