Нора Джеруто жеңіл атлетикадан Токиодағы әлем чемпионатының финалына шықты

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеуден сәтті өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгірудің іріктеу кезеңі өтті.

Бұл сынға Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қатысты.

Джеруто алғашқы жүгіруде мәреге екінші болып келіп, финалға жолдама алды. Ал Джепкемей өз жүгірісінде тоғызыншы орынға табан тіреп, келесі кезеңге өте алмады (финалға үздік бес спортшы шықты).

Айта кетейік, финал 17 қыркүйекте өтеді.

Еске салайық, бұған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде жеңіске жеткен еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды