Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде жеңіске жетті

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 06:42 Сурет: olympic.kz
Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды, оның жетеуі - алтын. Нәтижесінде отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты (жеті алтын, бір күміс және екі қола).

Екінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды - алты алтын, екі күміс, үш қола. Үндістан екі алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен үшінші орынға тұрақтады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеті алтын медальмен аяқтады. Бірінші орын иеленгендер: Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін).

Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен ерекшеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: