Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 3000 метр қашықтыққа тосқауылдар арқылы жүгіруден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Финалдық сайыста Джеруто алдыңғы топта келе жатты. Соңғы айналымда қола жүлде үшін таласты.

Алайда соңғы тосқауылдардың бірінде сүрініп, құлап қалды. Нәтижесінде алтыншы болып мәре сызығын кесті - 9:06.34.

Кениялық Фейт Черотич жеңіске жетті - 8:51.59. Бахрейн атынан сынға түскен Винфред Яви екінші орынға табан тіреді - 8:56.46. Үздік үштікті эфиопиялық Сембо Алмаю түйіндеді - 8:58.86.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды