Демеу Жадыраев грек-рим күресінен әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Сурет: UWW
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті.

Жадыраев бұл кезеңде Венгрия спортшысы Роберт Фричпен қола жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен айқас 6:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті