24 қыркүйекте жарияланған мәлімдемеде, әрине, миллиондаған жанкүйерлер Алматының Орталық стадионы алаңында әлемдік жұлдыздарды бір көруді армандайтындарын жақсы түсінетіндері айтылған.
"Қарбалас сәтте платформада бір уақытта 1 миллионнан астам қолданушы болды. Ал стадионның сыйымдылығы 20 мыңнан астам орынмен шектеледі. Бұл - объективті шындық: барлық сұранысты қанағаттандыру физикалық түрде мүмкін емес", – деп түсіндіреді Freedom Ticketon-ның коммуникациялар жөніндегі директоры Азамат Атагелді.
Оның айтуынша, процестің адалдығына баса назар аударылды. Жанкүйерлерді қорғау және қайта сатып алуға қарсы шара ретінде бір қолға екі билеттен артық босатылмаған, тіпті "бір ЖСН-ға бір билет" шектеуі енгізілген.
"Біз пайдаланушылардың "қатып қалу" немесе кезегінің "нөлге" айналуына қатысты сұрақтары барын біліп отырмыз. Бұл ретте мынаны айтамыз: билеттерді сату қатаң түрде 17:00-де басталды және жүйе штаттық режимде жұмыс істеді. Уақытынан бұрын сайтқа кіргендер сеанстың автоматты түрде жаңаруына тап келді. Бұл - дүрбелең мен дилерлердің айла-шарғы жасауына жол бермеуі үшін қабылданған техникалық шара". Азамат Атагелді
Дегенмен, әлеуметтік желіде ұялы нөмірін көрсетіп, ашықтан ашық билет ұсынғандарды кездестіруге болады.
"Қайрат" және "Реал Мадрид" футбол клубтары арасындағы матч 2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласының Орталық стадионында сағат 21:45-те өтеді.