Француз теннисшісі Бейжіңде сәтті өнер көрсетіп жатқан Герасименконың бетін қайтарды

Сурет: ҚР ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Smash 2025 халықаралық турнирін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында қазақстандық спортшы Мальта өкілі Амирреза Аббасиден басым түсті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Одан кейін ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері, швециялық Маттиас Фалькты 3:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Үшінші айналымда Кирилл командалық сайыста Әлем кубогының қола жүлдегері, англиялық Томас Джарвисонды 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың негізгі кезеңіне шықты.

Өкінішке қарай, ол 1/32 финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Симон Гозиге (Франция) 0:3 есебімен жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.

Бұған дейін Алматы полициясы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы алдында маңызды мәлімдеме жасаған болатын.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз