Ухандағы WTA 1000 турнирі: Анна Данилина жартылай финалға шықты

Сурет: ҚР ҚТФ
Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина Ухандағы (Қытай) WTA 1000 сериялы турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұптық сынның 1/4 финалында жерлесіміз сербиялық Александра Круничпен тізе қоса отырып, Юэ Юань (Қытай)/Бианка Андрееску (Канада) дуэтін жеңді. Есеп – 6:4, 7:6.

Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды.

Бұған дейін бұл теннисшілер бір-бірімен кездеспегенін де баса айта кетелік.

Келесі айналымда Данилина мен Крунич Столлар (Венгрия)/Л. Зигемунд (Германия) жұбымен кездесетін болады.

Бұрын хабарланғандай, Арина Соболенко мансабында алғаш рет Елена Рыбакинаны оңай ұтып кетті. Оған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің тоғызыншы ракеткасы Елена Рыбакина Уханьдағы (Қытай) турнирдің ширек финалына шыққанын жазғанбыз.

Қытай
Анна Данилина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды