Рыбакина Нинбо-2025 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Сурет: instagram.com/wta
Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы Рыбакина ширек финалда аустралиялық Айла Томляновичпен (WTA рейтингінде №104) кездесіп, 57 минутқа созылған матчта қарсыласын ойсырата жеңді.

Кездесу нәтижесі – 6:2, 6:0.

Бұл жеңіс Еленаға турнир финалына бір қадам жақындауға мүмкіндік берді. Ол келесі айналымда италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.

Паолини (турнирдің екінші ракеткасы) өз кезегінде ширек финалда швейцариялық Белинда Бенчичті 5:7, 7:5, 6:3 есебімен ұтқан.

Маңызды матч 18 қазан күні өтеді. Бұл ойында жеңіске жеткен спортшы маусым қорытындысы бойынша өтетін жылдың шешуші турниріне қатысу мүмкіндігін арттырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр