Қазақстан теннистің дамуы жөнінен әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кірді

Сурет: ktf.kz
Қазақстан ITF-тағы (Халықаралық теннис федерациясы) өзінің дауыс санын көбейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық теннис федерациясының жыл сайынғы жалпы жиналысында 200 ұлттық делегация өкілдері Қазақстан рөлін нығайту мәселесі бойынша дауыс берді. Шешім басым көпшілікпен – 91% дауыспен қолдау тауыпты. Қазақстанға дауыс саны 12-нің ішінен жетіден тоғызға дейін ұлғайтылды. Бұл – алты деңгейдің ішінен екінші нәтиже.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, елдер мынадай қағидалар бойынша бөлінеді: 5 елдің 12 даусы, Қазақстанмен бірге 15 елдің 9, 10 елдің 7 даусы бар. Енді біздің еліміз ITF-қа ықпалы жөнінен Италия, Чехия, Канада, Испания, Швеция, Швейцария, Қытай, Жапония және басқа елдермен бір қатарда. ITF-қа кіретін елдердің дауыстары шешім қабылдаған кезде әлемдегі теннистің дамуына ықпал етеді.

Осылайша, Қазақстан теннистің жалпы даму деңгейі жөнінен әлемдегі 10 елдің қатарына ресми түрде енді.

Шешім қабылдау кезінде мынадай факторлар: тенниспен айналысушылар саны, арбадағы теннистің дамуы, корттар саны, ұлттық құрамалар нәтижелері, соның ішінде ойыншылардың Олимпиада, Дэвис кубогы және Билли Джин Кинг кубогы командалық жарыстарындағы көрсеткіштері ескерілді.

Қазіргі таңда Қазақстанда 17,5 мыңнан астам бала тенниспен тұрақты айналысып, турнирлерге қатысып жатыр. Елде жыл сайын 250-ден астам, соның ішінде 40-тан астам халықаралық жарыстар өткізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады