Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: Қазақстан өкілі суға жүзуден қола медаль еншіледі

Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық спортшы Александр Румынский Манама (Бахрейн) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында суға жүзуден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 200 метрге арқамен жүзу сайысында финалға жолдама алды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында,

Шешуші кезеңде Румынский үшінші нәтиже көрсетті. Ол мәреге 02:03.97 уақытымен жетті.

Бірінші орынды Тайбэйлік Ю-тен Хуан (02:01.96) иеленсе, күміс медаль қытайлық Шици Цзиге (02:02.57) бұйырды.

Бұған дейін ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады