Аңсар Ниетқалиев қатарынан үш рет ITF Juniors турнирінде топ жарды

Сурет: ktf.kz
14 жастағы қазақстандық теннисші Аңсар Ниетқалиев жасөспірімдер арасында үш ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аңсар алдымен Түркияның Бурса қаласында өткен J30 санатындағы жарыстың финалында жергілікті спортшы, доданың 5-ракеткасы Берке Окумусты айқын басымдықпен ұтты - 6:2, 6:0.

Бір аптадан кейін қазақстандық теннисші Түркияның Адана қаласында дәл осындай турнирде көзге түсті. Ол жұптық сында отандасы Хақназар Жеткербаймен бірге ақтық бәсекеде түркиялықтар Гюлер/Конияны тізе бүктірді - 6:7 (5:7), 6:3, 10:8.

Аңсар үшінші жеңісіне туған жерінде қол жеткізді. Ол Алматыда жаңадан ашылған «Алатау» теннис орталығында J60 Almaty Open жарысында үздік атанды. Аңсар Ниетқалиев финалда өзінен әлдеқайда тәжірибелі, тағы бір қазақстандық Олжас Есеналыға мүмкіндік бермеді - 6:2, 6:2.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Соболенко Рыбакина қатысатын турнирге қатыспайды