WTA: Рыбакина өз кәсіби мансабында алғаш рет Қорытынды турнирдің финалына шықты

Сурет: Instagram/wtafinalsriyadh
Бүгін, 7 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында WTA-2025 маусымының Қорытынды турнирінің алғашқы жартылай финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен америкалық Джессика Пегуламен (5-орын) кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын өте тартысты өтті, мәселе үшінші сетте шешілді.  Кездесу 2 сағат 5 минутқа созылды. Ақыры 4:6, 6:4, 6:3 есебімен Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орында) өзінің кәсіби мансабында алғаш рет WTA-2025 маусымының Қорытынды турнирінің финалына шықты.

Финалда Елена беларусь спортшысы Арина Соболенко (1-орын) немесе америкалық Аманда Анисимованың (4-орын) бірімен кездеседі. 

Еске сала кетсек, топтық кезеңде Елена Рыбакина үш бірдей жеңіске қол жеткізді. Ол америкалық Аманда Анисимованы, польшалық Ига Швентекті, сондай-ақ ресейлік Екатерина Александрованы ұтып кетті.  

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы