WTA қорытынды турнирі: Рыбакина үшінші матчында жеңіске жетті

WTA қорытынды турнирі: Рыбакина үшінші матчында жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 20:28 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобында әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен кортқа шығуға тиіс еді. Алайда Киз вирус жұқтырғанына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Оны қосалқы екінші ойыншы - әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровмен алмастырды. Ал бірінші қосалқы ойынша Мирра Андреева денсаулығына байланысты кортқа шығудан бас тартқан.

Елена Рыбакина Екатерина Александровадан 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Осылайша, бұған дейін жартылай финалға мерзімінен бұрын жолдама алған Елена енді WTAFinals турнирінің жартылай финалына сенімді қадам басты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: