WTA 1000 турнирі: Бейжіңдегі жарыстың үшінші айналымында Рыбакина жеңіліс тапты

Елена Рыбакина, Қытай, Пекин, теннис, үшінші айналым, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2025 12:21 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 10-ракеткасы болып табылатын отандасымыз үшінші айналымда неміс қызы Ева Листен (№66) жеңіліп қалды.

Матч 2 сағат 16 минутқа созылды. Германия өкілі 6:3, 1:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп ол өз карьерасында әлемдегі үздік 10 теннисшінің бірін алғаш рет ұтты.

Осылайша, Бейжің корттарында әйелдер арасында жекелей сында өнер көрсететін бір де бір Қазақстан өкілі қалмады. 

Лис төртінші айналымда америкалық Маккартни Кесслер мен чех теннисі Барбара Крейчикованың бірімен ойнайтын болады. 

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 8,96 миллион долларды құрайды. Үшінші кезеңге дейін жеткені үшін Рыбакина 60,4 мың доллар сыйақы алады.

Бұған дейін теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жеткенін әрі оның жарысты екінші айналымнан бастағанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: