Жаңалықтар тізбегі
0

Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA-1000 халықаралық турниріне қатысудан бас тартты

Елена Рыбакина, Бейжің, WTA-1000, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2024 13:28 Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Әлемнің төртінші ракеткасы, Қазақстан теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA-1000 халықаралық турнирінде кортқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған турнир баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рыбакинаның мұндай шешім қабылдауына арқасындағы жарақаты түрткі болған. 2023 жылы ол тура осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Рыбакина осымен үшінші турнирге қатысудан қатарынан бас тартты. Ол АҚШ-тың Ашық чемпионаты мен Сеулдегі Әлем чемпионатына қатыспады.

Бұған дейін Бейжіңде өтіп жатқан турнирде әлемнің тоғызыншы ракеткасы, грек спортшысы Мария Саккари, әлемнің 10-шы ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз және әлемдік рейтинг көшбасшысы, польяк теннисшісі Ига Швентек  өнер көрсете алмайтындарын мәлімдеген. Өткен жылғы финалда Швентек ресейлік теннисші Людмила Самсонованы 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2024 жылдың 16 қыркүйегінде рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлі күнге дейін төртінші орынын сақтап тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: