Елена Рыбакина Мадридтегі WTA-1000 санатындағы грунт турнирінің финалына шыға алмады

3 мамырға қараған түні WTA-1000 жартылай финалында әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина беларусьтік Арина Соболенкодан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарқынды жекпе-жекте әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны жеңді. Кездесу 1:6, 7:5, 7:6 есебімен аяқталды.

Сурет: Telegram/Қазақ спортының жаңалықтары
Айта кетелік, биылғы маусымда Елена Рыбакина Брисбендегі (Австралия) WTA 500 турнирінде, Дубай (БАӘ) және Штутгарт (Германия) додасында топ жарды.
Сондай-ақ, Доха (Катар) мен Майамиде (АҚШ) өткен WTA-1000 санатындағы турнирлердің финалына шықты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript