Елена Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 17:50 Сурет: ktf.kz
Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында әлемнің 46-ракеткасы словакиялық Ребекка Шрамкованы 7:6 (7:1), 6:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.

Рыбакина төрт эйс жасап, екі қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Бұл спортшылардың өзара алғашқы кездесуі болды.

Қазақстандық теннисші енді ширек финалда Ига Швентек (Польша) пен Линда Носкова (Чехия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: