Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында Швентекке есе жіберді

Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында Швентекке есе жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 21:46 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 13 ақпанда Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі өнерін аяқтап, ширек финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Ига Швентектен жеңіліп қалды. Кездесу 2:6, 5:7 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч 1 сағат 36 минутқа созылды. Рыбакина үш эйс жасап, төрт бір брейк-пойнттың біреуін пайдаланды, бір қос қателік жіберді. Ал Швентек бір эйс пен бір қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Рыбакина жеңілгенімен, екінші сетте айтарлықтай қарсылық көрсете білді, алайда партияны тайбрейкке дейін жеткізе алмады.

Турнирдің қазіргі чемпионы Ига Швентек енді жартылай финалда Онс Жабер (Тунис) - Елена Остапенко (Латвия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. Дохадағы турнир 9-15 ақпан аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: