Рыбакина Дохадағы турнирді сәтті бастады

Рыбакина Дохадағы турнирді сәтті бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 22:02 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада (Қатар) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, онда қытайлық Ван Синьюймен (33-орын) кездесті.

Матч екі сетте аяқталды – Елена 6:2, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.

Былтыр Дохадағы турнирде Елена Рыбакина ширек финалға дейін жетіп, сол кезеңде польшалық Ига Швентекке (2-орын) 2:6, 5:7 есебімен есе жіберген еді.

Биылғы турнирдің жүлде қоры – 4 088 211 доллар. Жеңімпаз 665 000 доллар сыйақы алып, 1 000 рейтингтік ұпай еншілейді. Турнирдің қазіргі чемпионы – америкалық Аманда Анисимова (4-орын).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: